Ж.Жабаевтың 175-жылдығына орай" Ұлы дала тұлғалары" атты онлайн-оффлайн әдеби-сазды кездесу болып өтті.
23.02.2021Бүгін, 23.02.21ж. күні І.Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен Ж.Жабаевтың 175-жылдығына орай" Ұлы дала тұлғалары" атты онлайн-оффлайн әдеби-сазды кездесу болып өтті.
Бұл кездесудің мақсаты "Ұлы дала тұлғалары" жайлы өмірдеректері мен шығармашылық байланыстарын, шығармаларын кеңінен насихаттау.
Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, айтыскер-ақынның өлеңдері жатқа оқылып, қазақтың ұлттық сөз өнері мен айтыс өнерінде елеулі әлемді мойындатқан тұлға екенін танытылды.
Жамбылдың қабілетіне күмән келтіргісі келетіндер де табылған. Сонда орталық комитет жазушысы Леонид Соболевті жағдайдың анық- қанығын білуге Ұзынағашқа жіберген. Жамбылдың жыршылығына таңқалған жазушы үш күн қасында болып" Жиырмасыншы ғасырдың Гомері" деп баға берген.
Қазақ әдебиетінің көгінен көрінген ұлыларымыздың шығармалары, үлгі насихат, өсиет, патриоттық тақырыптарда жазылған шығармалары, шығармашылық байланыста болған атақты Д.Нұрпейісова мен Н.Тілендиевтің куйлерін мектебіміздің "Наркескен" домбыра ансамбльінің домбырашылары куйден шашу шашты.
.. "Сен не істесең де бақыттысың, бүгінгі ұрпақ дегім келеді.
Мақтаныш кернеген көңіліме Елбасының кеше ғана жарық көрген "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан байқағаным кең өлкеммен мақтана да марқая да алады екенмін.
Әдеби-сазды кездесуімізді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байымбетова Сәуле Мәлікқызы жүргізді.






Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
