Марапаттау салтанаты
17.03.2021Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп – лицейінде қалалық пән олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Мектебіміздің дарынды оқушылары 2020-2021 оқу жылындағы пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті. Аудандық олимпиадада 31 оқушы жетістікке жетсе, қалалық пән олимпиадасында 15 оқушы жетістікке жетті. Ағылшын тілі пәні жеңімпазы 10 сынып оқушысы Сардар Нұрайым 1 орын иеленіп, республикалық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Пән мұғалімі Есетова Тамара Қусмановнаға алғыс айтамыз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено