Нұр -Сұлтан қаласы №84 мектеп – лицейінде 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, 5-15 қыркүйек аралығында «Мемлекттік тіл – Мәңгілік елдің тілі» атты онкүндік бекітілген жоспарға сай өткізілді.

15.09.2021

Нұр -Сұлтан қаласы №84 мектеп – лицейінде 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, 5-15 қыркүйек аралығында «Мемлекттік тіл – Мәңгілік елдің тілі» атты онкүндік бекітілген жоспарға сай өткізілді. Биылғы оқу жылының тіл мерекесін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері болды.   

   Онкүндіктің мақсаты: Жамбыл Жабаевтың 175 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл, Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл, Сырбай Мәуленовтың 100 жыл даталы күндерімен байланыстырып,  Қазақстан тілдер күнің атап өту; Тіл - ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.     

 Онкүндіктің тақырыптары осы даталы күндерімен байланыстырылып, өткізілді. Онкүндікте өткізілген барлық іс – шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Сонымен қатар, аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспарға сәйкес, мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено