Бракеражды комиисия тексерісі

16.02.2022

Ата-аналар комитетінен құралған бракеражды комиссия мүшелерінің қатысуымен мектеп асханасы тексерілді.

Мектеп асханасын тексеру мақсаты:

 Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.

  1. Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;
  2. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
  3. Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
  4. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру;
  5. Асхана жұмысшыларының санитарлық кітапшаларының болу міндеттілігін және олардың адам басына шаққанда ас даярлау киімдерінің комплекциясын тексеру.

 №55 орта мектепте   асхана  сағат 8.00 ден 17.00 – ге  дейін  жұмыс  істейді. Асханада  буфеттүрінде де  түрлі тағамдар сатылады   және ыстық тамақ ас мәзірі  бойынша дайындалады. Жалпы  асхананың  санитарлық  жағдайы таза,  аспаздардың  сыртқы  киім  үлгісі  барлық  санитарлық  талапқа  сай. 

Асхана  қызметкерлерінің  дайындаған  тағамдарының  сапасын, көрсеткен қызметтерінің  жағдайын, тамақтану  ережесі мен мәдениетін және  тазалық  гигиенасын   қаншалықты  білетіндігін  анықтау  мақсатында  білім  алушылармен 2022 оқу жылы  ақпан айында  5 –11 сыныптар  арасынан  «Ас – адамның  арқауы»  тақырыбында   сауалнама  жүргізілді.
  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено