«№65 мектеп - гимназиясында» Наурыз мейрамы тойланды
16.03.2022Өткізуге жауапты болған мектебіміздің педагог - ұйымдастырушысы Г. Қасенова және әрбір әдістемелік бірлестіктер мейрамды өте жақсы атқарып шықты.
—Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!-деді мектеп директоры Н.Ж. Елекеева өз тілегін білдіріп.
Іс - шара мектеп мұғалімдерінен құралған әжелер ансамбльінің шашуымен басталып, айттыру және сырға салу, ұзату сыңсу, құда күту, жар-жар (беташар), бесік той, тұсау кесер салт- дәстүрлерімен жалғасын тапты. Сондай -ақ ұлттық ойындар: арқан тарту, асық ату ойындары ойнатылды. Іс - шара соңында мектеп ұжымы қазақтың ұлттық биі "Қара жорғаны" биледі.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено