Біздің мектеп "Үздік жас өнертапқыштар" номинациясымен үздік деген 10 мектеп қатарына кірді.
21.06.2022Бүгін "Астана дарыны " дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы әлеуметтік желісінде елордалық мектептердің ішінен ең үздік 10 мектепті анықтады. Біздің мектеп "Үздік жас өнертапқыштар" номинациясымен үздік деген 10 мектеп қатарына кірді. Бұл жеңіс мектебіміздің дарынды оқушылары мен олардың майталман жетекшілерінің және осындай мықты оқушыны тәрбиелеп отырған ата-аналарымыздың еңбегімен келді.
Әрқашан мектеп абыройы асқақтап, биіктен көріне берсін
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено