"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы

16.11.2022

"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы аясында 15.11.2022ж  № 72 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысы "Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбында семинар-тренинг форматында өтті. Тренинг барысында топтарға бөлініп, ата-аналармен топтық жұмыстар жүргізілді. Әр топ  өздеріне берілген ситуациялық сұрақтарға  мәселелердің шешу жолдарын  көрсете отырып,  жауап берді. Қазіргі қоғамда болып жатқан мәселелердің аздап болса да өз шешімін табуға тырысты.

Семинарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу мақсатында полиция департаментінің ювеналды полиция бастығы Н.Н. Дощанова сөз сөйледі, сондай-ақ балалар қауіпсіздігі тақырыбы қозғалды. Семинар соңында барлық ата-аналарға "Отбасында зорлық-зомбылық жоқ" тақырыбындағы буклеттер таратылды.
       
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено