19.12.2022 жылы мектебімізде дарынды және талантты оқушылармен мерекелік салтанатты кездесуі өткізілді.
20.12.2022Барлықтарыңызға мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
«2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз.
Білім беруді жаңғыртуда жалпы білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі оқушылардың қабілеттерін ашу үшін жағдай жасау, қазіргі жағдайда өмірге дайындық болып табылады.
«№ 15 мектеп-лицейде» Дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған түрлі деңгейдегі іс – шараларға: жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға балалардың қатысуын ұйымдастыру арқылы шығармашылық орта мақсатты түрде қолдау көрсетіледі, балалардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Тәрбиеленушілердің оқуға деген ынтасын арттыратын көтермелеу шаралары жүйесінде біз, мектеп-лицей директоры Б.К.Сматаеваның бастамасымен бірінші жартыжылдықта өз таланттарын көрсеткен дарынды балаларды марапаттау рәсімін өткізе отырып, балалар жылының соңында дәстүрді бастап, екінші жартыжылдық қорытындылары бойынша жетістіктерін ескеріп, мамыр айында ерекше марапаттау іс-шарасын өткізуге жалғастырмақшымыз. Сонымен қоса, осындай жарық жұлдыздарды жетелеп, биіктерге бағыттаған ұстаздардың еңбектері де бағалануда.
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» - деп данышпан Фуллер айтқандай,осындай игі іс-шаралар оқушыларымызды, ұстаздарымызды тек нәтижелі еңбек етіп, талпынуға уәждейтіні сөзсіз.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено