«Құстар- біздің досымыз» тәрбиелік мәні зор іс-шара.
10.04.2026Мектептебімізде «Құстар- біздің досымыз» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға құстар әлемі туралы мағлұмат беру, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар құстардың түрлері туралы мәліметтермен танысты. Олар құстардың тіршілігі, мекен ету ортасы және табиғаттағы маңызы жайлы қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын арттырды. Шара аясында оқушылар шағын сахналық көрініс қойып, құстардың өмірін көркем түрде бейнеледі. Сондай-ақ, оқушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын таныстырып, олардың жасалу жолы мен маңызын түсіндірді. Бұл жұмыс балалардың еңбекқорлығын, ұқыптылығын және табиғатқа деген қамқорлығын көрсетті. Оқушылар сурет салып, шығармашылық жұмыстар орындады. ВИДЕО КӨРУ
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
