“Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай

15.04.2026

“Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында 2026 жылдың 15 сәуір күні мектебімізде ақын Серікбол Хасанмен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қаламгердің шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және рухани тәрбие беру.

Кездесу барысында ақын өзінің шығармашылық жолы мен жазған туындылары туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар ақынның кітаптары туралы пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітап оқу мәдениеті мен оның адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды.

Іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ақынмен еркін сұхбат құрды. Кездесу соңында оқушылар естелік суретке түсіп, алғыс білдірді.#астанабілімбасқармасы #адал_азамат_астана #біртұтас_тәрбие #akimat__astana
 
  
https://www.instagram.com/reel/DXJzIpkCPFI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено