Құрметті ата-аналар!

20.05.2026

Құрметті ата-аналар!

2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепте өткізілетін маңызды іс-шаралар туралы хабарлаймыз.

🔹25 мамыр күні барлық сыныптарда «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Сынып сағаты өскелең ұрпақты патриотизмге, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуге, сонымен бірге Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттауға, заң мен тәртіпті нығайтуға арналады.
🔹26.05.-28.05.2026ж. аралығында 5–10 сыныптарда аралық емтихандар өткізіледі.
🔹29.05.-10.06.26ж. күндері негізгі орта мектепті бітіруші 9-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандар өтеді.
🔹02.05-15.06.26ж. 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар ұйымдастырылады.

Осы кезеңде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп әкімшілігі төмендегідей талаптардың қатаң сақталуын сұрайды:

1) Аралық, мемлекеттік емтиханға оқушылардың кешікпей келуі талап етіледі.
2) 4, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналары тарапынан мектепке, мұғалімдерге сыйлықтар, жөндеу жүргізуге, құрал-жабдықтар мен жиһаздарды сатып алуға басқада мақсаттарға ақшаны жинауға тыйым салынады.
3) Мейрамханаларда, кафелерде салтанатты дастархан ұйымдастыруға, автокөліктер жалдап, шерулер өткізуге қатаң тыйым салынады.
4) Мектептен тыс бейресми мерекелік іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Бұл талаптардың барлығы оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және мерекелік іс-шараларды қауіпсіз әрі тәрбиелік бағытта ұйымдастыруға негізделген.

Балалардың қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарап, мектеппен бірлесе жұмыс жасайды деп сенеміз.

Құрметпен,
Мектеп әкімшілігі



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено