Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Тарихи тұлға есімімен болашаққа қадам" қалалық семинар.

2024 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің “64 мектеп- лицейіне“ Алаштың ардақты ұлы, ірі мемлекет қайраткері, ақын, ағартушы Сұлтанбек Қожанов есімі берілуіне және бюстінің ашылуына арналған "Тарихи тұлға есімімен болашаққа қадам" тақырыбында қалалық семинар өтті. Тағлымы мол жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Әлия Иағалиқызы Чокушева, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы, Түркиядан Сұлтанбек Қожановтың шөбересі Сардар Жолбарыс Шеншен және елордадағы зиялы қауым өкілдері, ел елден, жер жерден қожановтанушылар, ұлт перзентіне тағзым етушілер келді. Өзі туған ауылы Созақтың Ақсүмбе елді мекенінен келген педагогтер де болды.
Келген қонақтар, қатысушылар мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен танысып, өнерлерін тамашалады. Сұлтанбек Қожанов бюсті салтанатты түрде ашылып, лентасы қиылды. Іс-шара Жолтай Жұмат-Әлмашұлының “Сталинмен бетпе-бет” тарихи драмасы негізінде дайындалған қойылыммен жалғасты. Өз халқының жарқын болашағы үшін күрескен, сол үшін жазықты болған, сол үшін шыбын жанын құрбандыққа қиған, қазақ халқы атынан сөйлеген, жұрттың жоғын жоқтаған арлы да алғыр азаматын шәкірттеріміз сахнада тамаша сомдады. Не бәрі 44 жасында саяси қуғын-сүргін құрбаны болған ұлтжанды қайраткердің өнегелі өмірі, өшпес ісі жас ұрпаққа үлгі.
Семинар барысында әр өңірден келген қонақтар: мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов, тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Тұрсын Хазретәлі Маханұлы, сұлтанбектанушы Манахов Әбурайра, Сұлтанбек Қожановтың немере туысы Қоңқақов Төлен Қамбарұлы, Астана қаласы "Сұлтанбек Қожанов" қорының төрағасы Абуов Абай Пәрқұлұлы Сұлтанбек Қожанов туралы тың деректермен, сүбелі ойларымен бөлісіп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Дәстүріміз бойынша, мектебіміздің алаңына келген қонақтадың қатысуымен бірге ағаш отырғызылып, бата берілді. Мектебімізге ресми түрде Сұлтанбек Қожановтың есімі беріліп, қуанышты да тарихи сәт орын алды. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0