Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
21 қыркүйек күні 5-8 сыныптар аралығында Тіл - достық дәнекері атты фестиваль өтті. Фествальда оқушылар әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп әндерін орындап, тағамдарымен танысты.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын Момысқызын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз.