14.02.2014
Просмотров: 565
2014 жылдың 8 ақпан күні Білім басқармасының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 3 сынып оқушыларына арналған «Бәрін білгім келеді!» дүниетану пәні бойынша кезекті ІІ қалалық байқауы өтті. Іс-шара Ғ. Қаирбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия аясында өткізілді. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – іріктеу, дүниетану пәні бағдарламасы бойынша оқушылар тестілеуден өтті. Екінші кезең – финалдық, іріктеу кезеңнен жоғарғы балл алған алты команда арасында өткізілді.