29.01.2014
Просмотров: 590
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді. Математика мұғалімі Муамер Гүл олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелері бойынша тәжірибе бөлісті. Муамер Гүл- өте дарынды ұстаз. Ол кісінің еншісінде қалалық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың 600-ге жуық жүлделі орындары бар. Қаңтар айында өткен қалалық олимпиададан математикадан 17 жүлделі орын алып отыр.